×
441.8
480.02
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.8
480.02
4.88

Qazaq Stroy компаниясының кешен маңындағы карьер туралы: біздің оған қатысымыз жоқ

19.03.2024, 14:10

Qazaq Stroy құрылыс компаниясы Алматы қаласындағы Наурызбай ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің жанындағы карьер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Алматы қаласының экология департаменті құрылыс компаниясын заңсыз карьер салды деп айыптаған болатын.

– БАҚ-тағы көптеген материалдарға, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, қоғам белсенділерінің осы карьер бойынша сөйлеген сөздеріне байланысты біз түсініктеме беруді жөн көрдік. Qazaq Stroy компаниясының Наурызбай ауданындағы карьерге ешқандай қатысы жоқ. 2023 жылғы 29 тамызда Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен компания кінәсіз деп танылды, ал экология департаменті қызметкерлерінің әрекеттерін сот заңсыз деп таныды, - деді Qazaq Stroy компаниясының бас заңгері Ердәулет Күлшіков.

Сот және сотқа дейінгі тергеу органдары дәлелдеген фактілер бойынша карьер тұрғын үй кешенінің құрылысы басталғанға дейін болғанын растайды.

– Егер  карьерге қарасақ, бұл бір жылдың ішінде салынғанға ұқсамайды. Яғни, жылдар бойы дамып келеді. Шекарасы мына деңгейден өтеді. Алайда, бас жоспар бойынша бұл жерде біздің тоғыз қабатты тағы да екі кешеніміз салынуы керек еді. Осы карьерге байланысты бас тартуға тура келді, - деп қосты заңгер.

Карьер біреудің жеке аумағында орналасқан. Компания қызметкері бұл фактіге қарамастан,  тексеріс кезінде жер учаскесінің нақты иесімен сауалнама жүргізілмегенін атап өтті.   

Қазіргі уақытта сот талқылауы Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына берілген. Ол бұл істің түпкілікті нүктесін қояды.

Серіктес жаңалықтары