×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Астанада Наурыз мейрамы алдында белсенділер ұсталып жатыр

19.03.2024, 18:52
Астанада Наурыз мейрамы алдында белсенділер ұсталып жатыр
Freepik

Астанада азаматтық белсенділердің ұсталғаны туралы хабарланды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мониторинг тобы азаматтық белсенділердің ұсталғанын хабарлады.

Мысалы, наурыз айының басында 15 күнге қамалған Айдар Сыздықов "бейбіт жиналысты туралы заңды бұзды" деген айыппен тағы 15 тәулікке қамалған. Оған 2023 жылғы 11 қазанда "Алға Қазақстан!" партиясы тіркеуге құжаттарын тапсыру кезінде келгені үшін айып тағылған, деп жазады Азаттық радиосы.

Сондай-ақ, 20 тәулікке Қанатқан Әміренов пен Әсет Кенжебеков қамауға алынды.

Сонымен қатар, елордалық белсенді Марат Мұсабаев "ұсақ бұзақылық жасады"деген айыппен 5 күнге қамалған.

Мониторинг авторлары бұл тұтқындауларды 21-22 наурызда жарияланған бейбіт наразылықтар алдындағы саяси қудалау деп сипаттайды.