×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Кінәсін толық мойындаған»: Сот Әбішке шыққан үкімге түсініктеме берді

20.03.2024, 13:02
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астана сотының баспасөз қызметі ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке шыққан үкім жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соттан не дейді?

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде билікті асыра пайдаланды деп айыпталған Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі) Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралған.

"Құпия" белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті", - делінген хабарламада.

Сотта прокурор айыпталушыны айыпты деп танып, Самата Әбішке белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды, қылмыстық кодекстің 63-бабы негізінде (шартты түрде соттау) жазаны сол мерзімге пробациялық бақылау белгілей отырып, шартты түрде айқындауды сұраған. 

Самат Әбіш "кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген" деп айтылады. Ақыры сот оны 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, сегіз жылға шартты түрде соттаған.

Сот Самат Әбіштің жас балаларының болуын және оның "шын жүректен өкінуін" жеңілдететін жағдай деп таныған.

"Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сот президентке Самат Әбіштің арнайы қызметінен және мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс енгізген.

Серіктес жаңалықтары