×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Сатурацияны қалай өлшеу керек: дәрігер жиі жіберілетін қателіктерді атады

31.10.2021, 08:15
Сатурацияны қалай өлшеу керек: дәрігер жиі жіберілетін қателіктерді атады
Фото: ашық дереккөз

Сатурация – қанның оттегімен қанығуын арнайы құрылғы – импульстік оксиметрмен өлшеу. Оның әрекет ету принципі қандай, оны саусаққа қалай дұрыс тағу керек, ересектер үшін оттегінің мөлшері қандай болуы керек – бұл материалда осы сұрақтардың жауабын табасыздар.

Сатурация деген не және оны қалай өлшейді?

ria.ru-дың мәліметінше, сатурация көрсеткіші – қандағы гемоглобиннің оттегімен қаныққан пайызы: қарапайым тілмен айтқанда, қандағы оттегінің мөлшері. Бұл адамның тыныс алу жүйесі жағдайының маңызды көрсеткіші. SpO2 деңгейі 90%-дан төмен болса, гипоксемия қаупін арттырады.

«Сатурация тыныс алу, жүрек-қан тамыры және қан түзу жүйелерінің қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді және импульстік оксиметрмен өлшенеді. Егер көрсеткіш 95-тен төмен болса, бұл денеде оттегінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Бұлай болуы себептерінің бірі – тыныс алу жүйесінің бұзылуы болуы мүмкін, себебі тыныс алу жүйесі бұзылған жағдайда ағзаны жеткілікті оттегімен қамтамасыз ете алмай қалады. Демек, адамға дем жетпей қалады. Тағы бір себебі – қан аздық, анемия кезінде қандағы гемоглобин жеткіліксіз болуы. Осыған байланысты денеде оттегінің жетіспеушілігі болуы мүмкін. Сондай-ақ, қанда оттегі жеткілікті, өкпе қалыпты жұмыс істеп тұрғанмен, жүрек қанды денемізге қажет көлемде тасымалдай алмай тұрған болуы да мүмкін. мұның соңы адам инфарк алуы да мүмкін», - дейді Медицина ғылымдарының кандидаты, клиникалық фармаколог Андрей Кондрахин.

Темекі шекпейтін, салауатты өмір салтын ұстанатын, дені сау адамдарда сатурация мөлшері 95-100% аралығында болады. Сонымен қатар, адам таулы жерде тұрса сатурацияның қалыпты мөлшері 95-100% аралығында болады.

Сатурация төмендеп кетуінің белгілері

Андрей Кондрахиннің айтуынша, сатурация төмендеп кеткен адам ауа жетпейтінін айтады.

«Сатурациясы төмен адам демігіп қалады. Шамадан тыс «ырсылдап» қалады. Дені сау адам минутына 14-16 рет тыныс алса, сатурациясы төмен адам минутына 20-22 рет тыныс алады. Сатурацияның төмен екенін білдіретін тағы бір белгі – ұйқы келе беру. Миға оттегі жетпегендіктен адам қалғып кетеді. Сонымен қатар, метро сияқты жабық нысанда ұзақ уақыт болған адамға дем жетпей қалуы мүмкін», - дейді маман.

Сатурация төмендеген кезде адамның есі бір кіріп-бір шығып, басы ауырып, жүрек соғысы жиілеуі мүмкін.

Аталған құрылғы кімдерге қажет:

Өкпесі ауырған адамға, коронавируспен ауырған адамға, жүрек-қан тамырына қатысты ауруы бар адамға, туа бітті немесе жүре пайда болған жүрек ауруы бар адамға, созылмалы ауруы бар адамға, ота жасалған адамға ота жасалғаннан кейін керек.

Құрылғыны қолдану

Импульстік оксиметрді сұқ саусаққа бекітіп қояды. Дұрыс нәтиже көрсетуі үшін бірқатар ережені сақтау керек. Тырнаққа лак жағылған болса, сатурацияны өлшеген кезде адам қозғалса, құрылғының жанында тым жарық шам жанып тұрса, сатурациямен қатар қан қысымын өлшесе – сатурацияның көрсеткіші дұрыс болмай қалуы мүмкін.

«Құрылғы қойылатын саусақ тілінген болмауы керек. Сатурацияны өлшеуге кедергі келтіретін сүйел болмауы керек. Бір саусақта сатурация 94-93% деп көрсетіп тұрса, өзге саусақтарға да тағып тексеріп көру керек. Сатурация 90%-дан төмен болса – жағдай нашарлап бара жатыр дегенді білдіреді», - дейді Андрей Кондрахин.