×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ресейдегі теракт: Мәскеуде оқып жүрген Қазақстан азаматтары байланысқа шықты

23.03.2024, 08:47
newizv

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Мәскеудегі теракт кезінде Қазақстаннан барып оқып жүргендер зардап шекпегені жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

«Бәрі байланысқа шықты»

«Болашақ» пен «500 ғалым» бағдарламасы бойынша Ресейде қазір Қазақстанның 32 азаматы білім алып жатыр. 24 стипендиат Мәскеу қаласында орналасқан. Стипендиаттардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

– Бәрі байланысқа шықты, олар қауіпсіз жағдайда, – деп хабарлады министрлік.

Мәскеудегі теракт

22 наурызда қарулы лаңкестер "Крокус Сити Холл" концерт залына басып кіріп, "Пикник" тобының қойылымын тыңдауға келген адамдарға оқ жаудырды. Осыдан кейін ғимаратта жарылыстар естіліп, өрт шықты. Ресей тергеу комитеті (РТК) 60-тан астам адамның қайтыс болғанын әрі бұл көрсеткіш артуы мүмкін екенін хабарлады. РТК террористік акт туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кремль Ресей қауіпсіздік қызметі, ішкі істер министрлігі, тергеу комитеті, төтенше жағдайлар министрлігі, росгвардия басшылары Владимир Путинге "Крокустағы" шабуылға қатысты тергеу барысы жөнінде баяндағанын хабарлады.

Бүгін таңға жуық "Крокустағы" шабуылдан зардап шеккендердің бәрі оқиға орнынан эвакуацияланғаны жөнінде ақпарат пайда болды. Тікұшақтар өртті сөндіру жұмыстарын аяқтаған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мәскеудегі теракттан қаза болған адам саны 60-тан асқан.

Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары