×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ұялы байланыс операторларына сапасыз қызметі үшін айыппұл салынды

23.03.2024, 17:44
Коллаж Ulysmedia

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сапасыз қызмет көрсеткен ұялы байланыс операторларына қанша теңге айыппұл салынғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олар бюджетке 835 млн теңге айыппұл төледі

2019 жылы 51 тексеру жүргізіліп, 10,8 млн теңге сомасына айыппұл салынды. Ал 2020 жылы тексеру саны 93-ке жетті. Салынған айыппұл көлемі - 23,9 млн теңге, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлік мәлім еткендей, 2021 жылдың қорытындысында 562 тексеру жүргізілді. Оның барысында 371 заң бұзушылық анықталды. Осыған орай ұялы байланыс операторлары 132 млн теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды. 2022 жылы тексеру саны еселеп артты. 1 175 тексерудің нәтижесінде операторларға 1 млрд 670 млн теңге айыппұл салынды. Дегенмен ұялы операторларға жеңілдіктер беріліп, олар бюджетке 835 млн теңге айыппұл төледі.

Қазақстанда ұялы байланыс қызметі қымбаттап кетті

Еске салайық, соңғы жылдары Қазақстанда ұялы байланыс қызметі қымбаттап кеткен.

Бірінші несие бюросының сарапшылары баға соңғы 13 жылда жоғары қарқынмен өсті деген қорытындыға келіп отыр.

Биыл ақпан айындағы баға қаңтар айымен салыстырғанда 6,2%-ға өсті. Бұл – 2011 жылдың қаңтарынан бері ең жоғары айлық көрсеткіш. Соңғы рет 2023 жылдың шілде және тамыз айларында бағаның күрт қымбаттағаны тіркелген еді (2,8%). Ал ұялы байланыс қызметі соңғы рет 2018 жылдың ақпан айында арзандады, - делінген Бірінші несие бюросының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары