×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Мәскеудегі теракттан 140 адам зардап шекті

24.03.2024, 09:44
Ресей ТЖМ

Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігі 22 наурызда «Крокус Сити холл» концерт залында болған терактіден зардап шеккендердің жаңа тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Онда барлығы 140 адамның аты-жөні бар.

Бұдан бөлек, зардап шеккендердің үшеуі Мәскеу маңындағы ауруханалардан шығарылды, бірақ 105 адам стационарлық емделуде, тағы 31 адам амбулаториялық емханада.

Мәскеудегі теракт

22 наурызда қарулы лаңкестер "Крокус Сити Холл" концерт залына басып кіріп, "Пикник" тобының қойылымын тыңдауға келген адамдарға оқ жаудырды. Осыдан кейін ғимаратта жарылыстар естіліп, өрт шықты. Ресей тергеу комитеті (РТК) 60-тан астам адамның қайтыс болғанын әрі бұл көрсеткіш артуы мүмкін екенін хабарлады. РТК террористік акт туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кремль Ресей қауіпсіздік қызметі, ішкі істер министрлігі, тергеу комитеті, төтенше жағдайлар министрлігі, росгвардия басшылары Владимир Путинге "Крокустағы" шабуылға қатысты тергеу барысы жөнінде баяндағанын хабарлады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мәскеудегі теракттан қаза болған адам саны 133-ке жеткен еді.

Серіктес жаңалықтары