×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматы облысында Ветстанция мекемесі мыңнан аса қызметкеріне жалақы төлемегені анықталды

26.03.2024, 09:35
Ашық дереккөзден

Іске осы себепті прокурорлар араласқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау мәселесін талдау барысында Алматы облысы бойынша "Ветеринариялық станция" мекемесі қаңтар айында жалпы сомасы 223 млн теңгеге 1043 қызметкерге жалақы төлемегені анықталған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтеліп, жоғарыда аталған ұйымның басшысы ҚР ӘҚБтК 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Басшы айыппұлды төлеп үлгерді.

Прокурорлар жалақыны уақтылы төлемеген жағдайда заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары