«Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан бойынша биылғы 27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстанның орталығында жүріп жатқан белсенді циклон мен сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды әрі желді ауа райы күтіледі.
Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман көрініс табады, оңтүстік өңірде найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі, - деді синоптиктер