×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

БҚО-да оқушылар емтиханына трактормен барған: шенеуніктер қалай жазаланды

26.03.2024, 18:31
БҚО-да оқушылар емтиханына трактормен барған: шенеуніктер қалай жазаланды
скриншот

Әкімдік ауылдық округ әкімі мен мектеп директоры жазаланғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ауданының әкімдігінде оқушылар трактордағы емтиханға қатысатын бейнероликке түсініктеме берілді. Бейнеролик 17 наурызда Мұратсай ауылында түсірілген.

– Оқушылардың ата-аналары ақылы жеке тасымалдаушымен оларды Мұратсай кентінен Сайқын – Өнеге – Орал республикалық жолына дейін жеткізуге келісті. Балалардың трактормен жүретіні туралы жергілікті әкімдік пен полиция бөліміне хабарламады. Қазір оқушылардың бәрі Оралға аман-есен жетті. Мұратсай ауылдық округінің әкімі мен Мұратсай ауылындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушыға қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды, - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тергеу басталған.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Лұқпан Ахмедьяров қазақстандықтарды дүр сілкіндірген бейнероликтерді жариялаған болатын: кадрларда оқушылар тобы оқу орнына трактормен бара жатады.