×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыда тұтқындалған ресейлік белсенді Қазақстаннан кетіп қалды

29.03.2024, 14:03
Doxa

Алматыда тұтқындалған ресейлік Денис Козак Қазақстаннан кетіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросына сілтеме жасай отырып.

Денис Козак Еуропа елдерінің біріне ұшып кеткен.

Ол бір жарым айлық келіссөздерден кейін Қазақстаннан шығуға мүмкіндік алды.

Ресей Федерациясында Козак терроризмді ақтау бабы бойынша қудаланған. 2018 жылы ФСБ ғимаратында өзін-өзі жарып жіберген Архангельск студенті Михаил Жлобицкийді Козак жылы сөзбен еске алып, әлеуметтік желіде жазғаны бар. 2022 жылдың тамызында Козак Қазақстанға көшті. 2023 жылдың ақпанында ол Ресей билігінің өтініші бойынша Алматыда ұсталып, тергеу изоляторына қамалған еді. Козак антиәскери көзқарасымен де танымал.

Серіктес жаңалықтары