×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

29.03.2024, 15:48
Фото: дереккөз

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл жоба әлемдік қоғамдастықтың назарын Қазақстанның мәдени мұрасы мен алуан түрлілігіне аударудағы маңызды қадам екенін хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева мен «Qazaq Culture» сайтының әзірлеушісі Мерей Зейнеш Qazaq Culture деп аталатын жобаны ұсынды.

Жобаға кім жауапты

Ақпараттық-білім беру алаңы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен еліміздің мәдени мұрасын танымал ету және ұлттық брендті ілгерілету мақсатында құрылды.

Қандай әсер күтеміз

Сайтты құру әлемдік қоғамдастықтың назарын Қазақстанның мәдени мұрасы мен алуан түрлілігіне аударудағы маңызды қадам болып табылады. Қазақстанда, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде мәдени құндылықтарды насихаттау мемлекет басшысының ведомство алдына қойған басым бағыттарының бірі.

Ауқымды жоба БҰҰ-ның алты ресми тілін, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерін қамтиды. Оның басты міндеті – әрбір адамның орналасқан жеріне қарамастан, мұражайлармен, кітапханалармен, театрлармен, ұлттық киномен, көрмелермен, мұражай-қорықтармен, ұлттық музыканың алтын қорымен және қазіргі заманғы музыканың жаңа үлгілерімен таныса алатындай жағдай жасау, – дейді спикерлер.

Жобада не болады

Қазақстан мәдениетінің түрлі аспектілеріне арналған бөлімдерде таланттар, еліміздің даму болашағы, театр қойылымдары, қазақ кино индустриясы, мұражайлар, кітапханалар, мұрағаттар, туристік орындар, қолөнер және қолөнер бұйымдары, сондай-ақ Қазақстанның сәулет өнерінің жетістіктері туралы ақпарат беріледі.

Тағы не бар

Порталда ақпараттық технологияларға ерекше көңіл бөлінеді.

«Qazaq Culture көрермендерге 3D виртуалды турлар арқылы Қазақстанның әртүрлі аймақтарын және олардың көрікті жерлерін зерттеуге бірегей мүмкіндік береді. Ал жасанды интеллект көмегімен сайтқа кірген әрбір адам суретін өзгертіп, өзін Ұлы даланың батыры немесе жауынгері ретінде көре алады.

Сайтты әзірлеу кезінде шет мемлекеттердің озық тәжірибелері пайдаланылды. Атап айтқанда, жазылу форматы бірыңғай билетті онлайн беруді қарастырады, оның көмегімен туристер белгілі бір қаланың немесе жалпы елдің кез келген мұражайын тамашалай алады, - дейді жобаны жасаушылар.

Сайттың басты ерекшелігі, барлық мәдени нысандарға бірыңғай билет жүйесі болады. Портал келушілеріне ыңғайлы болу үшін белгілі бір мәдени іс-шараға билет сатып алуға белсенді сілтеме болады.

Серіктес жаңалықтары