×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда мұнай өндіретін NCOC компаниясы 12,4 млрд теңге айыппұл төледі

29.03.2024, 16:52
Фото: ncoc.kz

Каспий теңізіндегі «Қашағаннан» мұнай өндіретін NCOC компаниясына салынған 12 млрд 419 млн теңге айыппұл өндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті 2022 жылы экологиялық инспекция «North Caspian Operating Company» (NCOC) компаниясының теңіз кешеніне тексеру жүргізілгенін мәлім етті. Соның нәтижесінде экологиялық талаптардың нормаларын бұзу, оның ішінде экологиялық рұқсатсыз күкіртті газды жағу, өндірістік суларды Каспий теңізіне тазартусыз ағызу фактілері анықталған.

NCOC компаниясына қатысты 5 әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік істер Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Биылғы ақпан айында Атырау қаласы сотының апелляциялық сатысымен компанияға 12 млрд 419 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл толық көлемде төленді, - деп хабарлады комитеттен.

Дегенмен қазір бұзушылықтарды жою туралы бұйрық Жоғарғы сотта қаралып жатқаны белгілі болды. Бұған дейін Астана қаласы сотының 1-ші және 2-ші сатысында нұсқама заңды және негізделген деп танылған еді.

Серіктес жаңалықтары