2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңгені құрады, деп хабарладйы Ұлттық статистика бюросы.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде -154,9 мың теңге және ауыл, орман және балық шаруашылығы бойынша – 167,5 мың теңге белгіленді.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7%-ға төмен.