×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстандық полицейлер британдық жүйемен жұмыс істеуге көшпек

01.11.2021, 11:09
Коллаж: ulysmedia.kz

Қазақстан полициясы дәстүрлі модельден сервистік модельге көшіріледі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сервистік модель полиция жұмысына біршама өзгеріс енгізуді көздеп отыр. ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Алексей Милюктың айтуынша, халықтың тәртіп сақшылары туралы пікірі ең алдымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Көп жағдайда полицейлер азаматтарға қандай да бір айып тағарда немесе талап қоярда келіп жатады.

«Мәселен, Ұлыбританияда полиция қызметкерінің азаматтармен диалогы «Сізге қандай көмек керек?» деген сөзден басталады. Бұл бір ғана сөз ары қарай жалғасатын әңгіме желісін түпкілікті өзгертіп, сенім артарлық қарым-қатынасты қалыптастырады. Сол себепті қоғамда «егер Лондонда болсам, полиция тарапынан қауіпсіздік қамтамасыз етіледі» деген пікір қалыптасқан. Біз де өз қызметкерлеріміздің жұмысын дәл осы жолға бағыттаймыз», - деді Алексей Милюк бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша жылдар бойы құқықбұзушылықтарды анықтаудың статистикалық деректері негізінде ғана ЖПҚ қызметкерлерінің жұмысын бағалаудың орнықты практикасы қалыптасқан. Ал сервистік полицияның жұмысын бағалау басқаша – құқықбұзушылықтарды анықтау емес, оның жолын кесу, көмек көрсетуге және халықпен сенімді қарым-қатынас орнатуға дайын болу.

«Сондықтан біз қауымдастықты, сондай-ақ түрлі салалардың жетекші мамандарын тарта отырып, тиісті пилоттық жобаларды іске қостық», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары