×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Астанада су тасуы мүмкін бе

02.04.2024, 13:58
Астанада су тасуы мүмкін бе
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елордаға су тасқыны қаупі төніп тұр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр не дейді

– Астана су қоймасында қазір 400 млн текше метр су жинадық. Жобалық қуаттылығы – 410 млн текше метр, мәжбүрлі көлемі – 425 млн текше метр. Кейінгі төртінші жылы біз бірінші рет деңгейді төмен түсіре бастадық. Қазір 300 текше метр беріп отырмыз. Қауіпсіз шек – 350 текше метр. Біз қазір астаналық контрреттегіште су жинаймыз. Бүгіннен бастап 3-5 текше метрден бастап ашылды. Біз Астана арқылы суды баяу өткізе бастаймыз, - дейді Нұржан Нұржігітов үкіметтегі брифинг барысында.

Журналистердің су тасқыны Астанаға қауіп төндіре ме деген сұрағына министр былай жауап берді.

– Біз бұл су тасқыны болмас үшін қазір реттеп жатырмыз. Біз судың қаншалықты ағып жатқанын көреміз және бұл суды реттейміз.

Бектеновтың тапсырмасы 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін су тасқынына байланысты үкімет мүшелері мен министрлерге бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін айтады.