Алматыда автобус жүргізушісінің үш адамды қағып өлтірген оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы қаласының Алатау аудандық сотында сотталушы А.-ға қатысты бұзақылық жасау, сондай-ақ екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерін бұзу туралы (ҚР ҚК 293-бабының, 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі) қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, – делінген Жоғарғы сот таратқан ақпаратта.
Естеріңізге салсақ, сотталушы А. 47-бағыттағы автобустың әйел жүргізушісін ұрып-соққан, соның салдарынан жүргізуші есінен танып қалып, аялдамада тұрған адамдарды басып, апат салдарынан үш адам қаза тапқан болатын.
Оқиға қалай болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматыда бірнеше адамды қағып кеткен автобустағы оқиғаға байланысты сұрақтарға жауап берді.
Әрине, бұл трагедия. Жұмыс беруші жұмыс аймағын, жолаушыларды жүргізушіден тікелей бөлуді қамтамасыз етуі керек. Бүгінгі таңда әйелдер үшін қол жетімді кәсіптер өте жоғары кәсіби тәуекелге жатады.
Бір кездері Қазақстанда әйелдер жұмыс істемеуі керек мамандықтардың тізімі де болған. Қазір барлық мамандық қолжетімді. Жұмыс берушінің міндеті – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жай ғана жолаушылар болса да...
Алатын төлемі жағынан ол жәбірленуші сияқты алады. Егер жұмыс беруші қызметкерлерді сақтандырған болса, онда, әрине, оған тиісті төлем берілуі керек, - деді министр.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алматылық ерлі-зайыпты қаза тапты.
Кейін автобустағы жанжалдың видеосы тарады.