×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

FlyArystan әуе компаниясы Air Astana-дан бөліну рәсімін аяқтады

03.04.2024, 17:04
Shutterstock

Көлік вице-министрінің айтуынша, FlyArystan Air Astana-ның 100 пайыз еншілес компаниясы болып қала береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтан FlyArystan компаниясына пайдаланушы сертификатын беру жайында түсініктеме беруді сұралған.

– Иә, бұл кезеңдердің бірі. Біз жоспарлы түрде жүзеге асыратын осы компанияларды бөлудің негізгі кезеңдерінің бірі. Яғни, кеше ол пайдаланушының жеке сертификатын алды, сәйкесінше ол жеке тәуелсіз компания. Бірақ мен нақтылаймын – бұл компания Air Astana-ның жүз пайыз еншілес компаниясы, - деді Ластаев.

Процес аяқталды

Ластаевтан компания жеке заңды тұлға екендігі тағы сұралған.

– Иә. Лоукостер мәртебесі қалады. Жеке заңды тұлға. Тек заңды тұлға бұрын құрылды, ал қазір пайдаланушы сертификаты алынды, ол авиакомпания деп аталу құқығына ие болды, - деді Ластаев.

Айта кетейік, бұған дейін Air Astana президенті Питер Фостер мен "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Адиходжаев "Эйр Астана"құрылымынан FlyArystan лоукостерін бөлуге қатысты әртүрлі көзқарас білдірген болатын.

Серіктес жаңалықтары