×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Астана рулит»: АҚШ-тағы отандасымыз «Астана» нөмірін көлігіне қалай таққанын айтып берді

03.04.2024, 22:24
В. Водневтің жеке мұрағатынан

Владислав Воднев есімді отандасымыз Америка құрама штаттарында ерекше нөмірді қалай алғаны жайлы баяндады. Ол үшін 70 доллар төлеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұхит асып, Америкада отбасымен өмір сүріп жатқан отандасымыздың айтуынша, ақшасын төлесең болды, қалаған дизайнда кез келген сөзді жазып береді екен. Әрине, балағат сөзге рұқсат берілмейді. Владислав әуел баста “Казах”, “Qazaq” немесе “Astana” деп жаздырып, жылқының суретін салдырғысы келіпті. Алайда, олар бос емес көрінеді. Сол себепті латын қаріптерімен сәйкес келетіндіктен “Астана” сөзін жаздырған. 

- Интернет арқылы алғың келетін номердің бос немесе бос еместігін алдын ала тексеріп алу керек. Егер бос болса, тапсырыс беру үшін DMV-ға (көлік құралдары департаменті) барасыз да өтініш жазасыз. Содан кейін 60 күн ішінде пошта арқылы нөмірді жіберуі тиіс. Маған 3 аптадан кейін келді. Бағасы – дизайнына байланысты. 60, 70, 80 доллар. Бұл – бір жылға арналған төлем. Ары қарай ұзартуға болады. Оның бағасы сәл арзанырақ, – деп Владислав өзінің нөмір алу барысын баяндап берді.

Отандасымыз өзінің ерекше автокөлік нөмірлеріне құштарлығын жасырмайды. Бұл әрекеті өзгелерге көтеріңкі көңіл-күй сыйласа дейді.

- Бөтен адамдардың, өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің жүзіне күлкі үйіріп, қуанышқа кенелтетін мүмкіндік болса, оны неге пайдаланбасқа? Қазақстанда менде 911КТК01 деген нөмір болды. 911 – өзім ұнататын сан. Мына жақта “Астана” деп жаздырттым. Латын қарпімен жазылғанымен кириллицада Астана болып оқылады. Осы жердегі посткеңестік елдердің азаматтары менің көлігімді көріп, ерекше көңіл-күйге бөленеді, суретке түсіреді деп ойлаймын. Бұл – олар үшін де, өзім үшін де жағымды эмоция болмақ, – дейді ол.

Айта кетерлігі, Қазақстандағы көлік вип нөмірлерінің ең қымбатының бағасы 1 миллион теңгеден асады. 

Серіктес жаңалықтары