×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаевтың тапсырмасы: Бозымбаев Атырау облысына барды

06.04.2024, 16:01
Тоқаевтың тапсырмасы: Бозымбаев Атырау облысына барды
Коллаж Ulysmedia

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына келді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Ақтөбе облысымен шекара аумағын тікұшақпен шолып өтті. Жем өзеніндегі зақымдалған бөгеттің жағдайына баға берді.

Кеше оның бұзылуы нәтижесінде Құлсары қаласының екінші және үшінші учаскелері, сондай-ақ «Жадырасын-2», «Болашақ», «Вахталық кент» шағын аудандары, «Қарағай» елді мекені су астында қалған еді.

5 сәуірде Каспий теңізіне қарай су өткізу қабілетін арттыру үшін Жем өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Тағы бір рет мұз жару жоспарланған.

Әкімдік пен күштік құрылымдардың 600-ге жуық қызметкері, 148 техника, 2 жүзу құралы және 500 ерікті жұмылдырылды.

Өңірдің 5 елді мекенде – Миялы, Жангелдин, Көздіқара ауылдық округтері, Аққора, Жасқайрат ауылдарында қауіп-қатер сейілді.

Естеріңізге салсақ, Атырау облысы Құлсары қаласында кеше сағат 22.45-тегі жағдай бойынша алдын ала ақпаратқа сәйкес, 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратын су басқан болатын.