×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

Белгілі актер, театр режиссері Оразхан Кенебаев өмірден өтті

06.04.2024, 17:06
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының қоюшы-режиссері Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев дүниеден озды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев – 1950 жылы 16 наурызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Төңкеріс ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері атақтарын алған.

«Абай» (Оразбай), «Абылай хан» (Қалдан шері, Орыс елшісі), «Ревизор» (Дуанбасы), «Томирис» (Балхаш), «Қамар сұлу» (Омар), «Махаббаттың ғажап әні» (Қожақ), «Ат жылаған түн» (Төраға), «Құдалар» (Момын), «Мөлдір махаббат» (Әбутәліп) және басқа да спектакльдерде ойнады.

«Мосфильм» киностудиясының «Дивизия командирінің күні» (Барлаушы), «Қазақфильм» киностудиясының «Әлия» (Солдат), «Өтелмеген қарыз» кинофильмдерінде біраз рөлдерді сомдады.

Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» спектаклі, Б. Мұқайдың «Кавалерлері», О. Боранбаевтың «Баламуты», Қ. Мұхамeтжанов пен Ш. Айтматовтың «Фудзиямадағы кездесу» және басқалар. М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық фестивальда «Қобыланды» спектаклінің қойылымы үшін «Ең үздік режиссер» бас жүлдесін алды.

Серіктес жаңалықтары