×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған Байден ПТР-тест тапсырды

01.11.2021, 19:52
Фото: ашық дереккөз

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакиден COVID-19 анықталғаны туралы хабарламадан кейін  АҚШ президенті Джо Байден тест тапсырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

reuters.com-ның мәліметінше, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің коронавируспен ауыратыны анықталды. Ол Римде өтіп жатқан саммитке бармаған болатын.

Ол Джо Байденді Ақ үйде сейсенбі күні көргенін айтты. Олар 2 метр арақашықтықты сақтаған және маска тағып тұрған.

Ал Байден сенбі күні коронавирусқа ПТР-тест тапсырған және таза болып шыққан. Ол аталған тестті саммитке қатысар алдында елден шығу мақсатында тапсырған.

Бұған дейін 78 жастағы Джо Байден коронавирусқа қарсы үшінші екпені салдырды.

Серіктес жаңалықтары