×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жалған ақпарат таратқан жаңаөзендік жазаланды

07.04.2024, 11:01
Жалған ақпарат таратқан жаңаөзендік жазаланды
Ашық дереккөзден

Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқан жаңаөзендік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ол «Жаңаөзенде жол жабылды» деп алаңдаушылық сипатта жалған ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратқан.

Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, Жаңаөзен полицейлері күдіктіні бірден анықтады. Ол ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456 бабының 3 бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

«Қандай да бір жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», — дейді Жаңаөзен полициясы.

Естеріңізге салсақ, мемлекет басшысы Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет екенін айтқан болатын.