×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Еститін Үкімет, біз сайлаған депутаттар қайда – құлсарылықтардың күйі

07.04.2024, 12:21
Еститін Үкімет, біз сайлаған депутаттар қайда – құлсарылықтардың күйі
Коллаж: ulysmedia.kz.

Су тасқыны Құлсары қаласының тұрғындарын әбден әбігерге салды. Баспанасы құлағандар, өкіріп жылағандар қаншама? Ulysmedia.kz тілшісі оқиға орнына барып, тұрғындармен тілдескен болатын.

Бөлінген қаражат қайда?

Тұрғындар билікке қапалы. Су тасқынының алдын алуға бөлінген қаражаттың діттеген жерге жеткеніне сене қоймайды.

“Жоғарыда отырған ағаларымыз бізді естіп жатыр ма? Естіп жатқан жоқ. Бізге Үкіметтен ешкім келіп жатқан жоқ. “Сендер қалайсыңдар? Не көмек керек?” деп ешкім келіп жатқан жоқ. 11 млрд, 7 млрд ақша бөлінді дейді, сол ақша қайда? Кім жеп жатыр оны? Бізге бермей ме? Облыс әкімі Шәпкеновке бөліп жатыр ғой Атырауға. Қаратонға бөлмей ме? Құлсары бар, басқасы бар. Мынаның барлығын халық өз күшімен істеп жатыр. Тіпті мына қапшықтың өзін өзіміз ақша жинап, сатып алып отырмыз шынын айтқанда. Кәсіпкерлер бергісі келсе береді. Бізге сұйықтықпен көмектессін, соляркамен, бензинмен. Техника берсін, погрузчик берсін. Экскаватор берсін”, – жергілікті тұрғын Ерлан Жантұғанов.

Оның айтуынша, тұрғындар шама-шарқынша апаттың алдын алуға тырысып жатыр. Бірі көлігі, бірі өз қалтасынан жанар-жағармай сатып алып, тасқынға тосқауыл болуда. 

“Әркім өз үйіндегі машиналарды жұмылдыруда. Өзінің қалтасынан шығып жатыр. Оны естіп жатқан біздің Үкімет жоқ қой. Өз қалтасынан жанармайын өзі тауып отыр. Жұмыста жүрген елдімекендегі мұнайшыларды босатсын бізге. 5 күнге болсын. Төтенше жағдай деп сирена ойнады ғой, бізге босатсын мұнайшыларды. Луговой, Тенгиз бар. 5-6 күн бола ма, 10 күн бола ма, вахтада жүргендерді босатсын. Семьяларымен келсін, білсін, көзбе-көз көрсін не болып жатқанын мұнда. Су деген тілсіз жау емес пе? Судың деңгейі мына жерге келіп жатыр”, – дейді ол. 

Ешкім ауылын суға батырғысы келмейді...

Ерлан Жантұғанов Президенттің тапсырмасының орындалып жатқанына күмәнмен қарайтынын айтады.

“Мынау кеше жоқ болды. Бүгін обедке жақын келіп тұр судың деңгейі. Бізді еститін Үкімет бар ма? Еститін Үкімет жоқ. Бір келіп бізбен тілдесіп, “жігіттер, нелерің бар? Қапшықтарың бар ма? Қандай көмек берейін? Қаржылай берейін бе” деп оның біреуі де бізге ештеңе айтып жатқан жоқ. Қапшық енді келіп жатқан болар. Жалпы оның алдында өзіміз жинадық, үйден әкелдік, басқа жерден әкелдік. Жоғарыдағы ағаларыма айтамын: Ойланыңдар, 9 облыс кетті дейді. Жоғарыда отырғандардың, Президенттің тапсырмасы не болып жатқанын білмеймін. Ойланатын уақыттары болды ғой. Ашатын дамбалары қайда? Бәрін жекеге кәсіпкерлер алып кеткен. Баяғыда ашатын шлюздары болса, олар қайда? Кәсіпкерлер алып алған. Әкімнен сұрайтын болсаңыз, айтып береді. Халық өз күшімен барып ашып жатыр. Жылыой түгел суға кетті. Қаншама жан бар өмір сүріп жатқан. Мародерство, ұрлық болып жатыр үйді тастап кетейін десе. Қайда барады? Кімді паналайды олар? Оның қасында Тенгиздан келіп жатақханаларына орналастырып жатыр, одан басқа бізде амал жоқ. Мына жақ, мына жақ су, басқа апаратын жеріміз жоқ. Миялыны өз күштерімен алып қалды. 3 елдімекенді еститін адам жоқ па? Ең болмаса техника, сұйықтығымен көмектессе. 11 млрд ақшаны жеп қойды. Бала-шағамызбен жүрмін. Тұрған жерімізді алып қалу үшін. Мына заправкалардың барлығы жеке. Бәріне кілт салып тастады. Ең болмаса заправкаларды ашса бізге. Өзіміздің күшімізбен жасап жатырмыз мынаның бәрін. Ешкім де ауылын суға батырғысы келмейді”, – деп жан айқайын жеткізді.

Ауыл жігіттері ұйымшыл

Тағы бір тұрғын Марат Өскенбаев ауылдың жігіттерінің бірлігі арқасында жүйелі жұмыстар атқарылған.

“Осы ауылдың белсенді жігіттері атсалысып, ауылдың бірлігінің арқасында осылай істеп жатырмыз. Бұл жерде Үкіметтен ешқандай көмек болып жатқан жоқ. Тенгизге, Опорный, Бейнеуге эвакуация деп қашты. Кеше мына жерде қозғалу мүмкін емес болды. Біз өз күшімізді салып, ауылда ер азаматтар қалып, жанұямыз да бар қасымызда қазір. Балаларға қауіп төніп тұрғанын ойлағанда да, ойламағанда да не істейміз? Еңбекпен салған үйіміз ғой, соны қорғау үшін бар күшімізді біріктіріп жатырмыз. Бізге ешқандай көмек жоқ Үкіметтен. Тенгиз Шевройл акиматқа көмек берген, жекеменшік камаздар бар жүріп жатқан, жекеменшіктерді түсіністікпен қара деп айғай шумен алып жатырмыз. Бозымбаев келді дейді, ондай адам көріп жатқанымыз жоқ. Осы жүрген жігіттердің арқасы”, – дейді ол.

Оның айтуынша, дер кезінде әрекет етсе қауіптің алдын алуға болатын еді.

“Бәріміз ауызбіршілікпен суды Құлсарыдан жардық, Боранқұл бекетіне қарай бағыттап жіберіп жатырмыз. Құлсарының сыртына отчисной бар, су сақтау қоймасы. Содан ары қарай бағыттап жатырмыз. Неге бөгеттерді салып жатырмыз? Қалған үйді сақтап қалу біздің ойымыз. Мына жерден бастап Құлсарының шетіне дейін кетпеген бөлігі бар. Сол бөлігін ұстап қалуымыз керек, соған күш жұмылдырып жатырмыз. Су жақындап келіп тұр, айналып қоршап жатыр. Соны бағыттап жіберіп жатырмыз. Бүкіл ауыл суға кетпейміз ғой. Халыққа рахмет. Қыз-келіншектер тамақ пісіріп жүр. Ешқандай көмек жоқ. Кезінде тазалайтын зат. Құрсай деген өзен бар. Ішінің бәрі қоқысқа толып тұр. Ары қарай Каспийге қарай жыратын жер. Соған дейін тазалап тастайтын жер ғой. Ешқандай ондай жұмыстар жүрген жоқ. Енді халық зардап шегіп жатыр. Амал жоқ, Үкіметтен күдер үздік те, осыған кірісіп жатырмыз. Ешкімді көрген жоқпыз. Вертолетпен біреулеер ұшады, не істеп жүр білмейміз. Жерге түсіп жатқан ешкім жоқ, бәрі аспанда жүр. Қонса екен дейміз. Ешқайсысы келмейді бері қарай. Осы жерде жүрген азаматтар өзіміз бар тіршілігімізді жасап жатырмыз. Қалған ауылды сақтап қалуымыз керек қалай болғанда да”, – деді Марат Өскенбаев.

Сайлауда сайрайды, халықты кім ойлайды?

Ол сайлау кезінде дауыс сұраған депутаттардың бірінде көрмегенін айтады.

“70% кетіп тұр суға. Қалған 30%-ға жұмылып жатырмыз. Депутат дейді, біреуін көрген жоқпыз. Анаған, мынаған хабарласамыз, телефондарын басып тастайды. Күдер үзіп, өзіміз жігіттер кірісеміз. Бөгеттер салып жатырмыз, соның арқасында ақырын суды ары қарай шығарып жатырмыз. Ауылдың ішіне кірген суды бағыттап жатырмыз батыс жаққа қарай. Былай-былай келеді, жүреді, бірақ жағдайымызды сұрап жатқан ешкім жоқ. Халықтың жағдайы мәз емес. Шығынды кейін жапқан не керек? Қазір дер кезінде халықпен бірге болмаған соң. Жаңа Қазақстан қайда? Жаңа Қазақстан көріп тұрған жоқпыз. Сөздің шыны керек, депутатын да, төтенше жағдайын да, біз көріп жатқан жоқпыз. Тек техникаларды көреміз, не істеп жүргенін білмейміз. Әр ауылды аралап жүрмін, бүкіл ауылдың белсенділерін жинап, қалған жерді ауызбіршілікпен қорғап қалайық деп. Бірақ солай жүргенде бізге келіп жаны ашып жатқан Үкіметті көріп тұрған жоқпыз”, – дейді тұрғын.

Марат Өскенбаевтың айтуынша, техникалар ауадай қажет. Қолдың күшімен жағдайды реттеу мүмкін емес.

“Бізге қырғын техника керек. Самосвал, погрузчиктер керек, топырық тасып жатырмыз жан жақтан. Қазір қай жер биік сол жерді қазып аламыз. ТенгизШевройл берген техникалары, акиматқа беоген, акиматқа жан-жаққа распределение жасау керек қой. Сосын қарапайым халықтың жеке меншік көліктерін алып жатырмыз. Құлсарының ішіне су кірді, енді соны жіберуіміз керек бағыттап. Техникамен көмектесуі керек, осы жерде біз сияқты 30 сағат ұйықтамай жүруі керек. Халықпен бірге болсын Үкімет. Халық өз күшімен жасап жатыр. Маңдай терімен салған үйін қорғап қалу үшін жүгіріп жатыр осы жерде. Техника бергенде де біз сұраймыз, жолдан тоқтатып аламыз. Амал жоқ. Су деген қайта-қайта жарып кетіп жатыр. Төтенше жағдайдан бүгін әскери көмек келді, ол қол күштерін беріп жатыр. Тек осы жерге бөлінді, ол аз бізге. Ар жақта барлаушылар бар, үшінші ауыл бар, жадырасын, аэропорт жақ бар, соның бәріне әскери көмек жоқ әлі. Тек осы жерде жүр. Бұл жер ең қауіпті болып тұр. Сол қалған ауылды сақтап қалуымыз керек”, – дейді ол.

Арнайы репортажды көріп, арнамызға жазылып, бөлісе отырыңыздар.