×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Менің де көмектескім келеді»: Атырауда еріктілерге қосылған шетелдік жұртты сүйсінтті

Фото: видеодан скрин

Елімізде су тасқынының салдары ауыр тиіп тұр. Күні кеше Атырау облысында да төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай құтқарушылармен қоса еріктілер де тасқын сумен күресіп, білек сыбана көмек қолын созып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мысалы, Атырауда кадрдағы шетелдік жігіт те тұрғындарға көмек қолын созуды өзінің парызы санағанға ұқсайды. Өздеріңіз көргендей, екі иығына екі қап көтеріп алып, құм тасып жүр. Оның бұл ісіне сүйсінген жергілікті тұрғындар шетелдікті жылы сөзбен демеп жатыр.

– Мен қай жерде көмектесе аламын? Менің де көмектескім келеді. Сендер қайдасыңдар? – деп жазған бейтаныс жігіт атыраулық танысына. 

Әлеуметтік желіде шетел азаматын қолпаштап жатқандар көп.

Атыраудағы ахуал

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысынан онлайн брифинг өткізіп, өңірдегі ахуал жайлы баян еткен еді. Оның сөзінше, Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты, Ақтөбе облысынан Елек өзенінің суын есептегенде, оған қоса Ирикли (Ресей) су қоймасынан көбірек судың келуіне байланысты өңірде әлі де су тасқыны қаупі жоғары. “Бұл едәуір үлкен тәуекелдер” дейді ол.

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтың айтуынша, су тасқынымен күресте 2 млрд теңге бөлінген. Әкімінің айтуынша, ең жоғарғы тәуекел Индер, Махамбет ауданы мен Атырау қаласына төнген.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары