×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тарихта тұңғыш рет: Петропавлға топан су қашан келетіні айтылды

08.04.2024, 13:02
Тарихта тұңғыш рет: Петропавлға топан су қашан келетіні айтылды
ТЖМ

ТЖД мәліметтері бойынша, су басу аймағында 845 тұрғын үй қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖ департаменті басшысының орынбасары Мұрат Қанғожинов Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының толымдылығы 180% құрайтынын хабарлады.

Ол су қоймасындағы толу деңгейі 415 сантиметр екенін айтты.

– Бұл тарихта бірінші рет болып отыр. 2017 жылы су қоймасы ең жоғары толған кезде 338 сантиметр болған. Бұл Есіл өзенінің бойындағы үш аймақты су басу қаупін туғызады: бұл Есіл ауданы, сондай-ақ Петропавл, - деді ол.

Күні

СҚО ТЖД басшысының орынбасарының айтуынша, өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде.

– Су басу аймағына 845 тұрғын үй, 5 мыңнан астам саяжай кіреді. Облыс орталығына дейін үлкен судың күтілетін келуі – 12 сәуірге дейін, шырқау шегі 23 сәуірде болады, - деді ол.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.