×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Смадияров қазақстандықтарға неге Шенген визасы берілмей жатқанын айтты

08.04.2024, 16:29
Фото: Ашық дереккөзден

СІМ мәліметтері бойынша, жалған құжаттарды ұсыну фактілері жиілеп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарға Шенген визасын алудан неге бас тартылатынын айтты.

– Жалған құжаттарды ұсыну фактілері жиілеп кетті, бұл өз кезегінде Шенген визасын алудан бас тарту фактілерінің өсуіне алып келеді. Виза алу үшін дәйексіз фактілерді қамтитын құжаттарды ұсыну Қазақстанның имиджіне елеулі зиян келтіреді, бұл визалық режимді іске асыру туралы келіссөздерді жүргізуді қиындатады. Сондай - ақ болашақта визадан бас тарту мүмкіндігін арттыра отырып, азаматтарымыздың визалық тарихын нашарлатады, - деді Смадияров.

Оның айтуынша, бұдан басқа, мұндай құжаттарды ұсыну құжаттарды мұқият салыстыру қажеттілігіне байланысты визалық өтініштерді қарау мерзімін ұзартады, соның салдарынан виза алудың кешігуі туралы азаматтардың шағымдары жиілеп кеткен. 

– Осыған байланысты азаматтарымызды қажетті құжаттарды ұсыну, визаға өтініш беру және қажетті алымдарды төлеу процесін мұқият бақылауға шақырамыз, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары