×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Су тасқынынан жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

08.04.2024, 17:12
Фото: Азаттық

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева судың сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі Су тасқыны байқалатын өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда. Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Бүгінде су тасқыны кезеңіне тән инфекциялар бойынша жағдай тұрақты деңгейде. Барлық нысандарда жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭС органдарымен ауыз сумен жабдықтауды бақылау күшейтілген. Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге ауыз су сынамаларын іріктеу және зерттеу тұрақты негізде жүргізіледі. Су сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері бүгінгі күні жұқпалы аурулардың пайда болу қаупі жоқ екенін көрсетеді, - дейді ДСМ ресми өкілі Әйгерім Оразалиева.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдері мен блогерлерге су басқан аумақтардағы жұқпалы аурулардың өршу қаупі туралы мессенджерлерде таратылатын жалған хабарламаларға байланысты өз өтінішін жеткізді. Денсаулық сақтау министрлігі белгісіз адамдардың күмәнді ақпараттарына және тексерілмеген ұсыныстарына сенбеуін өтінетінін айтты.

Міне, бүгін стационарлық көмек көрсетуді тоқтату, сумен жабдықтау көздері арқылы вирус жұқтыру туралы жалған ақпарат тарала бастады. Біз осындай мәліметтерге сенбеуге және таратпауға, халық арасында дүрбелең туғызбауға шақырамыз. Өз тарапымыздан бұқаралық ақпарат құралдарында халықтың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша қажетті ақпараттар тарататын боламыз. Тек ресми өкілдерге сенім артыңыздар, - дейді ДСМ ресми өкілі.
 
Серіктес жаңалықтары