×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Әркімді даттап жатыр»: Мәдина Сәдуақасова тасқыннан зардап шеккендерді сабырға шақырды

09.04.2024, 10:01
«Әркімді даттап жатыр»: Мәдина Сәдуақасова тасқыннан зардап шеккендерді сабырға шақырды
Фото: instagram/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова су тасқынынан зардап шеккен халықты дүрлікпеуге үндеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құрметті, қазақ елі! БАҚ өкілдерімен қатар барлығы су тасқыны жайлы жарыса жазып жатыр. Бірі ел үшін деп шырылдап, көмек қолын созса, кейбірі кінәліні іздеп, әркімді даттап жатыр. Апат айтып келмейді. Мұндай алапат, топан су елімізде бұрын-соңды болмаған. Ойламаған жерден Арқалықтан басталған апат, Батыс Қазақстанға да жетті. Қардың еруімен қатар Жайығымыз да тасыды. Аллаға шүкір! Құтқарушылар оқиға орнынан тез табылып, тұрғындар уақытылы эвакуацияланды. Қайырымдылық қорлар, жекеменшік кәсіпкерлер, қаншама өнер адамдары, танымал жомарт жандар миллиондап ақша аударып, тонналап гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. «Жаңбырдан соң күн шығады» дегендей, бұл күндер де артта қалып, бәрінің шешімі табылатынына сенеміз. Су тасқынынан зардап шеккен әр жанның шығынын мемлекет толық өтеп береді. Сәл сабыр етсек, бәрі де жақсы болады, – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін әнші зардап шеккен халыққа көмек ретінде 1 млн теңге аударған болатын. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.