×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Колумбияда 3 жастан асқан балаларға вакцина салына бастады

02.11.2021, 00:12
Фото: ашық дереккөз

Колумбияда 3 жастан 11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялау бағдарламасы жүзеге аса бастады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

rg.ru-дің мәліметінше, бұл туралы Оңтүстік Америка Республикасының президенті Иван Дуке мәлімдеді.

«31 қазаннан бастап 3-11 жас аралығындағы қыздар мен ұлдарға вакцина сала бастаймыз», - деп жазды ол Twitter парақшасына.

Президент балаларға қытайлық Sinovac вакцинасы қолданылатынын атап өтті.

Бұл вакцинаны балалардың ішінде алғаш болып Колумбияның Денсаулық сақтау министрі Фернандо Руистің қызы Лусиана Руис салдырды. 8 жастағы қыз ауруханаға ата-анасымен бірге келді.

«Вакцина салған кезде ауырмайды. Барлық ұлдар мен қыздарды вакцина салдыруға шақырамын», - деді ол.

Соңғы мәлімет бойынша, Колумбияда 5 млн адам коронавируспен ауырған. 127 281 жағдай өліммен аяқталса, 4 845 554 адам толық сауығып кеткен.

Серіктес жаңалықтары