×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Құлсарыда әкелі-балалы екі адам төрт күннен бері табылай жатыр

09.04.2024, 19:01
Коллаж Ulysmedia

Құлсарыда бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен әкесі мен ұлы табылмай жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Атырау облысы ТЖД-ға сілтеме жасай отырып.

6 сәуірде сағат 17:52-де Атырау облысы ТЖД-ға 48 жастағы ер адам мен оның 24 жастағы ұлы Құлсарыдағы су басқан үйді тексеруге шығып, қайтып оралмағаны туралы хабар келіп түскен.

"Хабарлама түскен бойда құтқарушылар аталған мекен-жайға барды. Келген кезде үйдің есігі көбікпен жабылғаны анықталды. 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар жүзу құралдарының көмегімен тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірде Құлсарыда екі адамның денесі табылған еді. 6 сәуірде 1974 жылы туған ер адам досымен бірге тиісті рұқсатсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен кетіп, жолда, аударылған.

9 сәуірде сағат 12:27-де Құлсары қаласында "Рамазан" дүкенінің жанында Атырау облысы ТЖД құтқарушылары судан ер адамның мәйітін тауып алып шықты. 

Серіктес жаңалықтары