×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Скляр Петропавлдан халықты мәжбүрлі түрде көшіруді тапсырды

10.04.2024, 09:47
Үкімет

Бірінші вице-министр Роман Скляр Петропавл қаласы маңындағы аймақтар тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

32 адам көшкісі келмейді

Үкіметтің хабарлауынша, Заречный кенті мен саяжайда тұратын 32 адам өз үйлерінен көшкілері келмейді. Бұл жайында түнгі аралау кезінде Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев премьер-пинистрдің алғашқы орынбасарына айтты. Оның сөзінше тұрғындар болуы мүмкін апатпен «өзіміз-ақ күресе аламыз» - деген. 

Оқыс жағдайдың алдын алу үшін Роман Скляр тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялау жөнінде жедел тапсырма берді.

«Мен әкімдікке, полиция департаментіне және ТЖД-не тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялауды бастауға тапсырма беремін. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Ешкім зардап шекпеуі қажет. Ойда жоқта су келіп қалса, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұған жол бермеуіміз қажет»  — деді ол.

Сондай-ақ вице-премьер Ойқала ықшам ауданындағы айналма жол учаскесіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді және Кожевенный кенті мен Ущев көшесінде салынып жатқан бөгеттердің жағдайын көріп қайтты. Бақылау кезінде Роман Скляр су келу жөніндегі жаңа болжамнан кейін барлық бөгеттерге геодезист мамандарды шақыруды тапсырды. Бұдан бөлек, әкімдік, құтқару қызметтері мен полицейлерге тұрғындарды, тұрмыстық техника мен жануарларды эвакуациялау кезінде жан-жақты көмек көрсету керек екенін айтты.

Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны

9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖ департаменті басшысының орынбасары Мұрат Қанғожинов Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының толымдылығы 180% құрайтынын хабарлады.

Ол су қоймасындағы толу деңгейі 415 сантиметр екенін айтты. “Бұл тарихта бірінші рет болып отыр. 2017 жылы су қоймасы ең жоғары толған кезде 338 сантиметр болған. Бұл Есіл өзенінің бойындағы үш аймақты су басу қаупін туғызады: бұл Есіл ауданы, сондай-ақ Петропавл” дейді ол.

Күні

СҚО ТЖД басшысының орынбасарының айтуынша, өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде.

– Су басу аймағына 845 тұрғын үй, 5 мыңнан астам саяжай кіреді. Облыс орталығына дейін үлкен судың күтілетін келуі – 12 сәуірге дейін, шырқау шегі 23 сәуірде болады, - деді ол.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары