×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Су тасқыны: Атбасарда тұрғындарды эвакуациялап жатыр

11.04.2024, 12:17
Фото: gov.kz

11 сәуірде Атбасар қаласында сағат 4.58-де Жабай өзенінің тасыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, барлық ескерту жүйелері дереу іске қосылды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 техникасы жұмылдырылды.

11 сәуірде түнде Боқсық өзеніне еріген судың көп түсуіне байланысты Бұланды ауданы Журавлевка ауылында өзеннің тасуы болды. Ақмола облысы ТЖД, ЖАО және аудандық полиция бөлімінің күштерімен 9 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала және 4 мүмкіндігі шектеулі адам. Өзеннің тасуынан 3 үй су астында қалды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары