×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жемқорлықтың салдары: Қостанайда белсенді елдегі су тасқынына байланысты пикетке шықты

12.04.2024, 19:17
Жемқорлықтың салдары: Қостанайда белсенді елдегі су тасқынына байланысты пикетке шықты
Фото: instagram / qushtar_qogam

Белсенділердің айтуынша, пикет кезінде оған полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілі жақындаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қостанайда Qushtar тобының белсендісі Анель Алигазина жеке пикетке шықты.

Себебі

Бойжеткен Қазақстандағы су тасқыны салдарынан пикетке шыққан.

"Анель Алигазина Қазақстанның батысындағы су тасқынына байланысты рұқсат етілмеген жеке пикетке шықты. Оның қолында "су тасқыны сыбайлас жемқорлықтың салдары” деген плакат бар.

Бойжеткенге полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілі келген.

Анель Алигазина су тасқынынан зардап шеккен адамдарды қолдау үшін пикетке шықты", - деп хабарлады белсенділер.

Белсенділер егер үкімет көктем сайын су тасқынына алдын-ала дайындалса, табиғи апаттың алдын алуға болатынын айтады.