×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Үлгілі отбасы болдық»: Салтанат есімді әйелін ұрған ер адам кешірім сұрады

15.04.2024, 10:18
«Үлгілі отбасы болдық»: Салтанат есімді әйелін ұрған ер адам кешірім сұрады
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуінен көшеде соққы жеген Салтанат есімді әйелдің видеосы тараған болатын. Ер адам әлеуметтік желіге видео жүктеп, барша Қазақстан халқынан, бұрынғы әйелінің туған-туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз бір-бірімізді сүйдік»

Ол өзінің әрекетін қызғаныштан болғанымен түсіндірді.

Мен, Ким Александр, барлық Қазақстан халқынан және Салтанаттың туған-туыстарынан кешірім сұраймын!

...Біз 11 жыл бірге тұрдық. Бір-бірімізді сүйдік. Үлгілі отбасы болдық. Жас отбасы армандайтындай нәрсенің бәрі болды. Бірге саяхаттау, туған күндер, түрлі іс-шаралар... Салтанат маған 4 бала туып берді. Иә, бізде де ұрыс-керіс болып тұрды. Екі жаққа кетіп қалған күндер де болды. Қайта қосыламыз...

Биыл 3 сәуірде Алматыға жолға шықтым. Отбасымызды сақтап қалуға тырыстық. Ол жолда абай болуымды сұрап, мені сүйетінін айтты. Келген соң кездестік. Бәрі жақсы болды. Подъезге кірген соң өзінің және балалардың фотоларын көрмек болып, телефонын сұрадым. Сол кезде оның бөтен еркекпен түскен фотосын көріп қалдым. Содан қызғаныштан телефонын сындырдым... Видеода мен Салтанатты қатты жұдырықпен ұрып құлатқандай көрінер, бірақ мен тек қолымды қатты сілтеп жіберген едім. Мен оны қатты ұрған жоқпын. Маған сеніңіздер демеймін, бірақ мені тыңдауларыңызды өтінемін. Мен оны тіпті итермеуім де керек еді. Бірақ эмоцияға берілдім, – дейді ол видеода.

«Бізге тағы бір Салтанатты құтқару керек»

Еске салсақ, әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуінен көшеде соққы жеген Салтанат есімді әйелдің видеосы тараған болатын.

Бұл туралы «Балалар қорғауда» жеке қорының басшысы Жанна Ахметова facebook-парақшасында жазды.

Бізге тағы бір Салтанатты құтқару керек. Әйелдің есімі шынымен Салтанат.

Құбыжықпен 11 жыл отасқаннан кейін әйел ажырасу шешімін қабылдайды. Оның шырмауынан әрең құтылған ол балаларын алып, Тараздан Алматыға көшеді.

Енді ол келіп, оны осында қуып, қайтаруға мәжбүр етіп жүр.

Биыл 1 сәуірде «Life Town» тұрғын үй кешенінде оған шабуыл жасап, телефонын сындырып, ұрып-соққан. Қараңызшы, ол қандай психопат. Әйелді, балаларының анасын қандай күшпен ұрып жатқанын қара! Ол да жан-жағына жалтақтай қарап, ешкім көрмейтіндей дайындалды. Спортик... – деп жазды ол.