×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Иран-Израиль қақтығысы: көрші елдерге билет сатып алған қазақстандықтарға қауіп бар ма

15.04.2024, 17:58
REUTERS

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Иран мен Израиль арасындағы шиеленіскен жанжал аясында көрші елдерге туристік билет сатып алған қазақстандықтарға бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР СІМ өкілі не деді

– Кешеден бері біздің кезекші дипломаттарға және басқа дипломаттар қоңырау шалып, біз қалай боламыз? Адам өз бетінше шешім қабылдауы керек деп айта аламыз. Бірнеше елдің әуе кеңістігі бір түнде жабылғандықтан, бұл қатынас мүлде үзілді, тоқтады дегенді білдірмейді. Рейстер қайта басталды. Иә, кейбір компаниялар өз рейстерін тоқтатты, Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті өз хабарламасын шығарды, онда авиакомпанияларға да, азаматтарға да алдын ала барлығын қарауды ұсынды. Сондықтан біз бару немесе бармау жөнінде қатаң кеңес бере алмаймыз. Шешім өз бетінше қабылданады, - деді Айбек Смадияров.

Израильге шабуыл

Жексенбіге қараған түні Иран Израильге дрон және қанатты зымырандармен жаппай соққы жасады. Мамандардың бағалауынша, бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Бұған дейін Израильге Сирия мен Ливан, Йемендегі ираншыл топтар соққы жасап келген.

Израильдің 12 арнасының хабарлауынша, Иран ондаған дрон ұшырған. Израильдің жоғары лауазымды өкіліне сүйенген журналист Барак Равид "жүздеген дрон" жіберілгенін жазды. Ақпаратқа сүйенсек, дрондардан кейін ракетамен шабуыл жасалған.

"Кан" радиосының хабарлауынша, Иерусалим және өзге де аумақтарда 14 сәуірге қараған түні Израиль әуе қорғаныс жүйесі ондаған қанатты зымыранды атып түсірген. Израиль аумағында әуе дабылы іске қосылды.

Израильдің жоғары лауазымды шенеунігіне сүйенген Ynet порталы Израиль Иран жіберген дрондар мен ракеталардың 99% атып түсіргенін хабарлады. Иран жіберген ондаған дронды Израиль шекарасына жақын маңда АҚШ бастаған аймақтық коалиция күштері жойған. Дрондарды атып түсіруге Ұлыбританияның әуе күштері де қатысты деп хабарлады Sky News. Ондаған дронды Иорданияның әскери-әуе күштері атып түсірген.

Серіктес жаңалықтары