×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға 25 мектеп салынады

16.04.2024, 11:35
Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға 25 мектеп салынады
Фото: gov.kz

Биыл Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға 25 мектеп ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысын қаржыландырады. Бұған дейін 37 мектеп ашылған болатын.

Қор Қазақстанның білім беру саласындағы жобаларды іске асырады. Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған қордың қызметі мектеп, оларға қосымша құрылыс нысандарын, интернат сала отырып, мектептегі орын тапшылығын жоюды көздейді. Осы жылы 28 мың оқушы орнына арналған тағы 25 мектепті іске қосу жоспарланған, – деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Марлен Қасенов.

????Еске салсақ, биыл жыл басында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен шамамен 15 мың орындық тағы 20 жаңа мектеп салынатыны белгілі болды. Олар 2025 жылы ашылады деген жоспар бар.