×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

АҚШ пен Қытай 30 млрд долларлық тауарларға баж салығын төмендетуге келісті

Бүгін, 17:38
АҚШ пен Қытай 30 млрд долларлық тауарларға баж салығын төмендетуге келісті

АҚШ пен Қытай сауда шектеулерін жұмсартып, жасанды интеллект мәселесі бойынша жаңа келіссөз форматын бастауға келісті. Бұл шешімдер ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Вашингтонға жасаған үш күндік сапарының қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Негізгі уағдаластықтардың бірі – екі бағыт бойынша да жалпы құны 30 млрд доллар болатын тауарларға неғұрлым қолайлы тариф енгізу.

Қандай тауарларға баж салығы төмендетіледі?

АҚШ тарапынан өзгеріс ауыл шаруашылығы өнімдеріне, ағаш материалдарына және косметикаға қатысты болады.

Ал Қытайдан АҚШ-қа жеткізілетін тауарлардың ішінде шағын тұрмыстық техника, ойыншықтар мен сәндік бұйымдар бар.

– Екі ел әр бағыт бойынша құны 30 млрд доллар болатын сезімтал емес тауарларға барынша қолайлы тариф режимңн енгізу жөніндегі ұсыныстар бойынша ортақ мәмілеге келді, – деп хабарлады Ақ үй.

Сауда бітімі тағы екі айға ұзартылды

Вашингтон мен Бейжің сауда саласындағы уақытша бітімді тағы екі айға ұзартуға келісті. Бұған дейін оның мерзімі 10 қарашада аяқталуға тиіс еді.

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, қосымша уақыт ауқымды сауда келісімі бойынша келіссөздерді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тараптар жеке сауда кеңесін құрып, Куала-Лумпурда бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі пысықтауға келісті.

АҚШ пен Қытай жасанды интеллект мәселесін бөлек талқылайды

Кездесудің тағы бір нәтижесі - жасанды интеллект бойынша жеке диалогтың басталуы.

Вашингтон мен Бейжің технологияның тәуекелдері мен мүмкіндіктерін талқылайтын болады.

Келесі консультациялар қарашаға жоспарланған.

Сондай-ақ тараптар жасанды интеллектке қатысты ықтимал оқиғаларды талқылау үшін арнайы байланыс арнасын құруды көздеп отыр.

Жаңа термин — «суперинтеллект»

Ақ үйдің мәліметінше, екі ел басшылары үйреншікті «жасанды интеллект» атауының орнына «суперинтеллект» терминін қолдануға уағдаласқан.

Қытай Сыртқы істер министрлігі Бейжіңнің бұл тәсілді оң бағалайтынын және технология дамыған сайын тараптар ұстанымдарын белсендірек үйлестіруі қажет деп санайтынын мәлімдеді.

Трамп пен Си тағы не талқылады?

АҚШ пен Қытай АТЭС саммиті мен G20 кездесуін өткізуге өзара қолдау көрсетуге келісті.

Екі елдің басшылары да бір-бірінің елдерінде өтетін іс-шараларға қатысуды жоспарлап отыр.

Сыртқы саясат мәселелері бойынша тараптар Иранның ядролық қару әзірлемеуі керек деген ортақ ұстаным білдірді.

Сонымен қатар, Вашингтон мен Бейжің ешбір мемлекет немесе ұйым халықаралық су жолдары арқылы транзит үшін ақы алмауы керек деген пікірге келісті.