×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024, 18:40
Тоқаев ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы су тасқынының салдарын еңсеру үшін әр аймаққа елдің ірі кәсіпкерлері бекітілетінін атап өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорданың таратқан ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Қостанай ауданының тұрғындарымен кездескен кезде су тасқынының зардаптарын жоюға жедел көмек көрсетіліп, құтқару жұмыстарының уақытылы жүргізілгені үшін алғыстарын білдірген. Ақорда тұрғындар бұл апат халықтың бірлігін айқын көрсетті деп айтқанын келтіреді. Табиғат апатының алғашқы күндерінен бастап еріктілер, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, жалпы жанашыр адамдардың барлығы жан-жақты көмек көрсетуге ұмтылған.

– Президент қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді, – делінген хабарламада.

Кездесу соңында мемлекет басшысы келесі жылы Алаш ардақтысы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған іс-шараға қатысу үшін Арқалық қаласына баруды жоспарлап отырғанын жеткізген.