×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда Нұрмағамбетов, Момышұлы мен Қошқарбаев атындағы дәрежелі ордендер пайда болады

17.04.2024, 12:23
Қазақстанда Нұрмағамбетов, Момышұлы мен Қошқарбаев атындағы дәрежелі ордендер пайда болады
Коллаж Ulysmedia

Мемлекеттік наградалар туралы заңға тиісті өзгерістер мен толықтыруды мәжіліс депутаттары енгізіп жатыр. Мәжілісмендер оны бір ауыздан қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Депутаттар заңына өзгерістер мен толықтыру енгізуге бастамашылық етіп отыр. 

– Аталған заң жобасы мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге бағытталған және ол арқылы «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаев есімдерін беру жөнінде өзгерістер мен толықтыру енгізілмек. Атап айтқанда, орденнің бірінші дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің, екінші дәрежесіне – Бауыржан Момышұлының, үшінші дәрежесіне – Рахымжан Қошқарбаевтың есімі беріледі, – дейді оны қорғаған Бақтықожа Ізмұхамбетов.

  • Сағадат Нұрмағамбетов – Кеңес Одағының Батыры (1945), Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі (1992-1995), Халық Қаһарманы (1994), Қазақстан Республикасы армиясының генералы (1993).
  • Бауыржан Момышұлы – Қызыл армия командирі, панфиловшы, полковник (1943), Кеңес Одағының Батыры (бұл атақ 1990 ж., қайтыс болғаннан кейін берілді).
  • Рахымжан Қошқарбаев – Қызыл армия офицері, Рейхстаг баспалдағында жеңіс туын біріншілердің бірі болып көтерді, Халық Қаһарманы (1999).

Депутаттар заң жобасы Конституцияға, мемлекет ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстанның қатысушы болып саналатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейтінін атап өтеді.