×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бокстан әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов жартылай финалға өтті

02.11.2021, 23:32
Фото: ашық дереккөз

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты ширек финалында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сәкен Бибосынов 51 келіде ширек финалда колумбиялық Юберхен Мартинеспен кездесті. Бірінші раундта төрешілер бірауыздан Сәкеннің жеңісін мойындады. Екінші раундта үш төреші қазақстандыққа, екеуі қарсыласына сенім білдірді. Жалпы нәтиже бойынша Сәкен қарсыласынан басым түсті. Осылайша ел құрамасынан жартылай финалға берілген төртінші жолдаманы қоржынға салды.

Бұған дейін ел құрамасынан ширек финалда Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабыржан (51 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Серіктес жаңалықтары