×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін, 08:45
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Шерзод финалда Әзербайжан өкілі Ахмад Юсифовқа жол берді.

Осылайша, Шерзод Давлатов әлем чемпионатын күміс жүлдемен қорытындылады.

Жартылай финалда Олимпиада жүлдегерін жеңді

Айта кетейік, отандасымыз әлем чемпионатының жартылай финалында 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері жапониялық Рюдзю Нагаяманы жеңді.