×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда легионерлерге мемлекеттік бюджеттен айлық төлеуге тыйым салынады

19.04.2024, 08:49
Ашық дереккөзден

Қазақстанда спорт түрлерін қаржыландыру тәртібіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келесі жылдың басынан бастап күшіне енетін жаңа заң легионер спортшыларға мемлекеттік бюджеттен жалақы төлеуге тыйым салады.

Бұл шешім Қазақстан туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовпен диалогы кезінде расталды. Олар шетелдік спортшыларды қаржыландыру жеке демеушілердің немесе спорт клубтарының иығына өтуі керек, сол арқылы жергілікті спортты дамытуға және қазақстандық спортшыларды қолдауға инвестициялар салу үшін мемлекеттік бюджетті босату керек деген шешімге келіп отыр.

Қарастырылып отырған заң келесі жылдан бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары