×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Су тасқыны: Үлбі өзені ашуына мінді

21.04.2024, 15:37
Су тасқыны: Үлбі өзені ашуына мінді
Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында Үлбі өзені көтеріліп, жолды су шайып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Глубокое ауданындағы Үлбі өзенінің су деңгейі көтеріліп, Степное ауылының арғы жағында орналасқан карьер жағасын және технологиялық жолды су жайып жатыр. 

«Жолды су алғанымен, жергілікті тұрғын үйлер аулаларға қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ бұл жол арқылы елді мекендерге көлік қатынамайтын. Су жағасы мен шайылған жол бөлігі су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін қайта қалыпқа келтіріледі», - деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ Алтай ауданы Полянское ауылдық округінде Таволжанка өзенінің суы көтеріліп, Дородница ауылына апаратын жолдың бетіне шыққан. Аталмыш ауыл жоғары жерде орналасқандықтан елді мекенге қауіп жоқ. Жол арқылы көлік қозғалысына шектеу қойылмады. 

«Екі жағдай бойынша да тәулік бойы мамандар бақылау жүргізуде. Қазіргі уақытта арнайы техника және мамандар әзірленген», - делінген ақпаратта.