Алматыда полицейлер 13 жастағы жасөспірім қызды зорлады деген күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жантүршігерлік қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Дереккөздің жазуынша, ер адам қызды көп қабатты үйдің паркингінде зорлаған.
Тараған ақпаратқа сүйенсек, қылмыс 20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған. Алдын ала болжам бойынша, күдікті пәтерлердің бірін жөндеуге келген жұмысшы. Ал қыз баланы ол үйдің паркингінде зорлаған. Қазір тұрғындар күдіктіні өз күштерімен іздеп жатыр, - деп жазды паблик.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек күдікті қолға түскенін мәлім етті.
Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сезікті анықталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс аясында басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, - деді ол.