×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда доллар арзандады

22.04.2024, 21:48
Қазақстанда доллар арзандады
Ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-ға доллардың орташа  бағамы 445,66 теңгені құрап, 0,78 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

Қытай юанінің орташа бағамы да 61,49 теңгеге (-0,15) дейін төмендеді. Ұлттық банк Еуро бағамын 475,38 теңге және Ресей рублі – 4,79 теңге деңгейінде белгіледі. 

Айырбастау пункттерінде доллар 445,9-447,5 теңге, еуро – 475,5-479,5 теңге, ресей рубль – 4,69-4,79 теңге бағамы бойынша сатылады және сатып алынады. 

Сонымен қатар, мұнайдың әлемдік бағасы төмендеуде. ICE Futures электронды сауда-саттығында маусым айындағы Brent фьючерстерінің құны 1,48% - ға төмендеп, барреліне 86 долларға жетті. NYMEX электронды сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстері маусым айында 1,58% - ға төмендеп, барреліне 80,92 долларға дейін төмендеді.