×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бектенов G-Park компаниясы рұқсат құжаттарынсыз үйлерді салғанын айтты

23.04.2024, 17:00
Бектенов G-Park компаниясы рұқсат құжаттарынсыз үйлерді салғанын айтты
Коллаж: ulysmedia.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, аталған құрылыс компаниясы рұқсат құжаттарызсыз жеті тұрғын үй салған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

3,5 мың салымшы ақша салған

Үкімет отырысында Олжас Бектенов Астанадағы «Араби-2 – Гранитный-2» тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалық нысан деп танылғанын, 200-ге жуық отбасы үйлерін ала алмай отырғанын айтты.

– Құжаттары дұрыс емес көптеген объектілердің құрылыс жұмыстары созылып кетуі мүмкін. Елордада G-Park компаниясы рұқсат құжаттарын алмастан 7 тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Ал оған 3,5 мыңға жуық отбасы өз қаражатын салған, – дейді Бектенов.

G-Park салымшыларының мәселесі

Еске сала кетейік, былтыр Астанада G-Park құрылыс компаниясының салымшылары «салған ақшамызды қайтара алмай жүрміз» деп, компания кеңсесіне жиналған еді. «Geneva 1», «Geneva 2», «Washington», «Dublin», «Lisbon 1», «Lisbon 2», «Lisbon 3», «Rio de Janeiro 3», «Vienna» және тағы басқалар. G-Park құрылыс компаниясы осы тұрғын үйлердің көбін уақытында бере алмай отыр. Алдын ала келісімшартта көрсетілген мерзім өткеннен кейін былтырдан бастап салымшылар компаниямен келісімшартты бұзып, салған ақшасын қайтару үшін өтініш жаза бастаған. Келісімшарт бұзылғаннан кейін шарт бойынша G-Park 60 жұмыс күні ішінде салымшыға ақшасын қайтаруы тиіс. Алайда салымшылар «компания ақшамызды қайтармайды» деп шағымданады.

Бүгін педагогтардың тамыз кеңесінен шыққан Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке осы компаниядағы салымшылардың мәселесі сұралды.

«Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз. Ұстап отырмыз да. Күнделікті компания басшыларымен кездесіп, мәселені талқылап отырмыз. Ол компания күнде ақшасын қайтарып жатыр, бірақ бір күннің ішінде 1 мың немесе 2 мың үлескердің ақшасын қайтаруға ақшасы жоқ. Бірақ күнделікті қайтарып жатыр. Менің білуімше, 1,5 мың адамға ақшасын қайтарған», - деді Жеңіс Қасымбек.

«Яғни ол компания салымшыларға ақшасын толық қайтарады деп ойлайсыз ба?» деген сұраққа әкім «меніңше, олардың күштері жетеді, қайтарады» деп жауап берген.