×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Доллар тағы арзандады. Рекордтық көрсеткіш

23.04.2024, 21:30
Ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 444,32 теңгені құрады, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.  

Бір жарым теңгеге арзандады

Бір тәулік ішінде АҚШ ақшасының бағамы 0,3% - ға немесе 1,34 теңгеге төмендеді. 

Бірінші несиелік бюроның сарапшылары ағымдағы көрсеткіш 2023 жылдың 3 тамызынан бастап ең төмен болғанын атап өтті. 

Доллар бағамы 19 сәуірден бастап біртіндеп төмендеді. Қаңтардың аяғынан бастап ең төменгі деңгейге жетті.Бұндай жағдай соңғы уақытта екінші рет болып отыр. 

Еуро құны

Еуро құны 473,33 теңге, бұл 2023 жылғы 13 наурыздан бастап ең төменгі көрсеткіш. Бір күнде Еуропалық валюта 0,3% - ға немесе 1,25 теңгеге әлсіреді. 

Ресей рублі

24 сәуірдегі Ресей валютасының бағамы 4,76 теңгеге сәйкес келеді (-0,4% немесе 23 сәуірге қарай 0,02 теңге). Бұл -2023 жылдың қазан айының бірінші онкүндігінен бергі ең төменгі деңгейдің бірі. 

Серіктес жаңалықтары