×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

24.04.2024, 16:02
Қазақстанда су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды
Фото: gov.kz

Қазақстанда су тасқынын бақылап отыруға арналған qoldau.gov.kz ресурсы іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Барлық дерек жаңартылып отырады

Орталық коммуникация қызметі директорының орынбасары Александр Белиловский мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып, толықтырылатынын айтты.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ОКҚ базасында республикалық ақпараттық штаб ашылды. Осы уақыт ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 170-ке жуық брифинг өткізілді. Үкімет зардап шеккен өңірлердегі ахуал туралы және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған барлық шаралар туралы дереу хабардар етеді. ТЖ аясында адамдар көптеген ақпарат алған жағдайда, оны тексеруге, ресми дереккөзмен кеңесуге мүмкіндігі болуы маңызды, - деді ол.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.