Алдағы күндері, дәлірек 24-28 сәуір аралығында Алматы толассыз жаңбыр жаңбыр астында қалуы мүмкін деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.
52 мобильді бригада шығады
Алматы тұрғындары сақ болуы тиіс. Ағаш құлап, электр желілері үзілуі мүмкін.
Әкімдік ескертеді
“Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер автокөліктерін жол жиегіне қоймауға тиіс. Себебі ағаштар құлап, электр желілері үзіледі деген қауіп бар. Қала тұрғындары мен қонақтары тауға бармауға тиіс. Су тасқынының алдын алу үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырмауға шақырамыз,” - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін 2024 жылдың 16 сәуірінде Біріккен Араб Әмірліктерінің барлық аймақтарына найзағай ойнап, нөсер жауған. Салдарын Дубай қаласын жаңбыр суы басқан еді. 1500-ге жуық қазақстандық Дубайда қалып қойған.